2027 жылға дейін елдегі су айдындарында 4 жаңа паром пайда болады
Үкімет 2027 жылға дейін шетелдік өндірушілерге 4 бірдей паром құрастыруға тапсырыс береді.Үкімет басшысы Қазақстанда кеме жасайтын зауыт жоқ екенін еске салды. Бұл туралы Kazinform ақпарат агенттігі жазды.
"Кемелердің, әсіресе паром тапшылығын шешуге тиіспіз. Ол үшін шетелге тапсырыс беруге мәжбүрміз. Алғашқы паромдардың құрылысы алдағы жылы басталады. 2027 жылы олардың санын төртеуге жеткізу жоспарланып отыр", – деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы Қазақстанда кеме жасайтын зауыт жоқ екенін еске салды.
"Оны салу мәселесін тездетіп қарап, инвестор тарту үшін шешім қабылдау қажет. Сонымен қатар, теміржол тораптары мен порттарға дейінгі кірме жолдарды кеңейту мәселесі де өзекті болып отыр", – деді Әлихан Смайылов.