2021 жылдың 19 шілдесінде "Өрелі ұрпақ" жазғы әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің үшінші легі басталады.

Жазғы мектеп аясында келесі тақырыптар бойынша тренингтер өтеді:

  • бизнес жоспарын құру;
  • қызметтерді сату;
  • әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және басқару;
  • қаржыландыру көздерін іздестіру;
  • демеушілік гранттарға өтінімдерді рәсімдеу.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектесетін онлайн-курстар платформасы іске қосылды


Бизнес-тренерлер қатысушылардың дағдысын онлайн режимде дамытады. Оқу – тегін. Кәсіпкерлік мектептің осы сабақтарына осы гиперсілтеме арқылы өтіп жазыла аласыз.  

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін Astana International University ұйымдастырып отыр. 

Еске салсақ, Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге көмектесетін онлайн-курстар платформасының іске қосылғаны туралы хабарлаған едік. Платформада SMM, Web-дизайн, менеджмент және Soft-skills қабілеттерін игеру бойынша курстар жинақталған.