Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта бидайдың қолжетімділігінің төмендеуіне байланысты бірнеше шешім қабылдады, деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова. 

"15 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы территориясынан ұнды және азық-түлік бидайын экспортқа шығаруға квота енгізіледі. Бидайға деген квотаның көлемі – 1 млн тоннаны, ұнға деген көлем 300 мың тоннаны құрайды. Қазіргі кезде министрлік тарапынан сәйкес бұйрықты мемлекеттік органдармен келісу процесі жүргізіліп жатыр. Жақын арада осы бұйрық күшіне енетін болады", – деді ведомство өкілі.

Одан бөлек министрлік қант нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты қантты экспортқа шығару бойынша да жұмыстар жүргізіп жатыр.


Оқи отырыңыз: