Синоптик мамандар 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

"Сібір батысындағы циклон мен онымен байланысты фронтальды бөлімдер Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймағына әсер етеді. Елдің осы аумағында қатты жауын-шашын болып, найзағай түседі. Сондай-ақ, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Аталған өңірлерде ауа температурасы түнде 8,15 градусқа дейін төмендесе, күндіз 17, 22 градусқа дейін көтеріледі", – делінген хабарламада.

Республиканың қалған өңірлерінде ауа райы жылы болады. Батыс пен оңтүстік-батыста ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі.