Хайп пен жалған ақпарат. Жүгендеулі қазақ журналистикасы қашан дамиды
Журналистік этика, фактчекинг, кәсіби біліктілік... Бұл тақырыптар "Қазақстан медиа альянсы" қоғамдық бірлестігі мен "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының ұйымдастырумен өткен іс-шарада талқыланды. Жиынға БАҚ басшылары, британдық сарапшы, отандық медиа саласының басқа да өкілдері қатысты.
Аталмыш тақырыптардың қайсысын алып қарасаңда бүгінгі медиа саласындағы маңызды мәселелер. Одан қалды цифрлық технологиялардың өмірімізге етене енуі журналисттердің, медиа саласы мамандарының жаңа қабілет-дағдыларды игеруіне талапты жылдан-жылға арттырып отыр. Әлеуметтік желінің қолданыс аясы артқан сайын, кез келген ақпараттың таралу жылдамдығы тіпті үдей түскен. Бұл әрине, ақпарат саласындағы журналистің осы жылдамдыққа ілесуін талап етеді.
Кейінгі кезде ақпарат айдынында хайп пен жалған ақпараттың тым көп болуы да үдеріске айналып бара жатқандай. Ал шенеуніктердің баспасөзбен байланысқа түсуінде қиындықтар туындауы – өзекті мәселенің бірі. 5 маусымда "Журналистік этика. Фактчекинг және манипуляциялар" атты жиында сарапшылар, журналистер мен шенеуніктер арасындағы қарым-қатынасты қалай жақсартуға болатынын, медиа саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру маңыздылығын талқыға салды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Парламент және Үкімет үйі дәліздерінде түсірілген күнделікті бейнероликтерді шолып өтті, онда журналистер спикерлерді лифтілер мен баспалдақ өткелдерінде қуып жетіп, контент алу үшін әрекеттері таспаланған. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларына күлкілі болып көрінері ақиқат, сәйкесінше жүздеген лайк жинайды. Алайда, мұндай "қызықты" оқиғалардың артында маңызды мәселе қаперден тыс қалады. Ал мұның салдарынан қоғам елде болып жатқан оқиғалар туралы сапалы әрі маңызды ақпаратты ала алмай қалып жататыны мәселенің бер жағы ғана.
Қанат Сахариянов, "Қазақстан Медиа Альянсы" ҚБ атқарушы директоры:
Ал британдық сарапшы, Журналистік этика желісінің (Ethical Journalism Network) президенті Айдан Уайттың айтуынша, коммуникациялар мен қоғамдық сенім дағдарысы ақпараттық технологиялардың дамуымен көптеген елдерде байқалады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеті мен жауапкершілігі – тәуелсіз форматта жұмыс істей отырып, этикалық нормаларды сақтау.
"Адамдар естігендеріне мүлдем сенбейді. Олар теледидар жаңалықтарына сенімсіздікпен қарайды. Жалпы, біз ақпараттық білім дағдарысы туралы айтып отырмыз және әр адам ақпаратты қабылдаған сайын, ол шатасып, естігендеріне күмәндана бастайды, бұл насихат емес пе, әлде біреудің алдын ала пікірлері ме, немесе адам қандай да бір қорлау манипуляцияларының объектісіне айналды ма деген күйге түседі. Осы белгісіздік күйінің, жүйке қозу күйінің саны мен пайда болуы жиілеп келеді, және біз бұл туралы айтуымыз керек", – деді Журналистік этика желісінің (Ethical Journalism Network) президенті Айдан Уайт.
"Qazaqstan" телеарнасының директоры Болат Мүрсәлім медиа қауымдастық бұл ретте ақпараттық нарық бір қоғамдық келісімге келіп, ортақ ереже түзіп, осы құндылықтарды қалыптастыру керек екендігін айтты.
"Біздің жалпы медиа қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдары, әртүрлі ұйымдар, бәрі бір осы медиа этикаға қатысты бір қоғамдық келісімге келу керек. Қандай формада болатынын білмеймін, бірақ бір қоғамдық келісімге келу керек, біз этика нормаларын сақтаймыз деген. Жаңа Уайт мырза да айтып жатыр, дүниежүзінде 400-ден астам этикалық кодекс болса, бірақ оның негізгі айтылатын құндылықтары ортақ, бұл дүние жүзіндегі қай мемлекетті қарасаңыз да, бәріне ортақ, сондықтан біз осындай құндылықтарды қайта-қайта айтып, осы әртүрлі ұйымдар арқылы немесе медиасыншыларымыз айтып, осы құндылықтарды қалыптастыруымыз керек", – деді "Qazaqstan" телеарнасының директоры Болат Мүрсәлім.
Жиынға жиналғандар фейктер мен тексерілмеген ақпараттардың қоғамға тигізіп жатқан кері әсері жайлы сөз қозғап, жалған ақпарат әсіресе биыл су тасқыны кезінде күшейе түскеніне мамандар назар аударды. Ал оның салдары баршамызға аян, ресми органдар дүрбелең тудыратын хабарламаларды жоққа шығарумен әлек болғаны рас. "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова БАҚ саласында өздігінен реттелудің маңызды деген пікірін ортаға салды. Журналистердің этикалық әрі кәсіби мәселелерді медиа қауымдастық талқылап, сала мамандары оның шешу жолдарын өздері реттеуі керек деген ой айтты.
Қарлығаш Жаманқұлова, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті:
Оның айтуынша, ең маңыздысы, нақты қандай шараларды институционалдық жағынан өзін-өзі реттеу арқылы қарастыруды анықтау керектігін айтты.
"Қазақстан медиа альянсы осындай медиатор болатын платформа болуды ұсынады, сондықтан бұл қызметті жарнамалауды ең алдымен көрермендер мен оқырмандарға бағыттау керек. Яғни, аудитория медиацияға келгендердің барлығы этика стандарттарын сақтайтынын, олар үшін "уақтылы, объективті, толық және алуан түрлі ақпарат, ең алдымен азаматтарға" деген миссияны ұстану маңызды екенін түсінуі тиіс. (...) Біз қарастырып отырған осы механизмнің құрылымында маңызды деп ойлайтын екінші аспект - бұл жалған және жартылай БАҚ-ты қаржыландыру. Олар мүлде журналистикамен айналыспайды,, былайша айтқанда, ақпараттық рейдерлікпен, ақпараттық алып-сатарлықпен, бопсалау және манипуляциямен айналысады", – деді Қарлығаш Жаманқұлова.
Дихан Қамзабекұлы, "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов БАҚ-та реттелу идеясын қолдайды. Оның айтуынша, парламентте талқыланып жатқан "Масс-медиа туралы" заң жобасында тиісті механизмдерді енгізу көзделген.
"Заң жобасы осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге ықпал етеді, өйткені журналистік этика мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың қатысуын қарастыратын нормалар қарастырылған. Ешқандай мемлекеттік органдар араласпайды", – деді Қайнар Ахетов.
Талқылау барысында дөңгелек үстел тақырыбының қарапайым шешімдері болмайтыны айқындалды. Журналистер елде болып жатқан оқиғалар туралы сенімді және толық ақпарат беру үшін, тек кәсібилік пен этикалық стандарттарды сақтау ғана емес, биліктің ашықтығы да қажет.
"Хабар" агенттігінің басшысы Кемелбек Ойшыбаев журналистік сауалдарға жауап беру мерзімін бір-екі күнге дейін қысқарту мәселесін талқылауға шақырды, бұл жалған ақпараттың, хайп пен болжамдардың таралу қаупін азайтады. Оның айтуынша, коммуникация сапасын жақсартуға журналистерді ғана емес, шенеуніктерді де оқыту көмектеседі.
Кемелбек Ойшыбаев, "Хабар" агенттігінің басшысы:
Фариза Болатбек, Atameken Business телеарнаның арнайы тілшісі:
Коммуникациялар мен медиаэтикаға оқыту миссиясын "Қазақстан медиа альянсы" өз мойнына алуға дайын. Дөңгелек үстел барысында оның өкілдері жаңадан бастаған және тәжірибелі журналистерге арналған арнайы тренингтер өткізетіні туралы жариялады.
Динара Сәтжан, тележүргізуші және блогер:
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сарапшылар билік пен медиа қауымдастық арасындағы коммуникация сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.