Екі деңгейлі мультифункционалды аренаның 4 кіреберісі, периметрі бойынша отыратын орны болады. Ал екінші деңгейінде көлеңкелі шатырлар қарастырылған.

Екі деңгейлі арена баскетбол, футбол жарыстары, бокс турнирлері, би батлдары және гимнастика жарыстары өтетін орынға айналады. Қыста стенд хоккейшілер мен конькимен сырғанаушылар үшін мұз айдынына айналуы мүмкін.

Иллюстрация astana.gov.kz сайтынан алынды

Саябақ аумағында стритболға арналған 5 алаң жасау жоспарлануда. Осылайша, бір уақытта әртүрлі алаңқайда ойындар өткізуге болады. Бұл өз кезегінде жарыстарға да ыңғайлы.

Саябаққа көлеңке түсіру үшін қалқалар, әткеншектер, көше жиһаздары, жылдам тамақтануға арналған павильондар орнату жоспарланған. Жұмыс биыл басталады.

Иллюстрация astana.gov.kz сайтынан алынды