Дәмханалар 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Алматыны тағы қандай шектеулер күтіп тұр?
1 ақпаннан бастап Covid-19 анықталған барлық науқас ауруханаға жатқызылады.Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды. Ол 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Қалада бұрыннан бар шектеулерден бөлек, жаңадан енгізілген шаралар тізімі:
- Коронавирустық инфекцияның барлық нысанындағы науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу;
- Мәдениет нысандарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына тыйым салу;
- Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу, ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салу;
- Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар (оның ішінде СОО ішіндегілері) – уақыт шектеуі жоқ;
- Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар – 17.00-ге дейін, ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салу;
- Ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар – 17.00-ге дейін, ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салу;
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат беру. Толымдылық деңгейі 50% аспауы тиіс, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі. Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет;
- Сауда үйлері мен СОО ішіндегі тамақтану орындарынан 7.00 – 20.00 тек өзімен бірге алып кетуге рұқсат етіледі;
- Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер – жұмыс күндері 8.00 – 21.00, ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салу;
- Казпошта и ХҚКО – 9.00 – 18.00