Бюджетке қатысу: алматылықтарға 500 млн теңгені қайда жұмсауды әкімдікке қалай ұсынуға болады?
Алматыда бюджет қаржысын қайда жұмсау керектігіне қатысты тұрғындардан ұсыныс қабылдау басталды. Сегіз ауданды дамыту және абаттандыру жұмыстары үшін әрқайсысына 500 млн теңгеден бөлінді. Оны қайда жұмсауды азаматтарға таңдауға мүмкіндік берілді. Жоба "Бюджетке қатысу" деп аталады.
Өтінімді қалай беру керектігін және үздік жобалар қалай іріктелетінін түсіндіріп береміз.
№1. "Бюджетке қатысу" дегеніміз не?
Бұл әуелі Астанада, кейін Алматыда жүзеге асып жатқан жоба. Оған сәйкес, тұрғындар бюджет қаржысын қайда жұмсау керектігін өздері таңдайды. Бұл биліктің бұқарамен байланыс орната отырып, ауданды басқарудағы ең тиімді тәсілі деп танылды.
Жобаның мақсаты – тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша аудандарды абаттандыру және дамыту.
№2. Бюджет қаржысын қайда жұмсауды әкімдікке кім ұсына алады?
Өз ұсынысын бәрі жолдай алады:
- Қазақстан азаматтары;
- Оралмандар;
- Ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жол тұлғалар.
№3. Ұсынысты қайда жолдау керек?
Жоба үшін арнайы сайт ашылған budget.open-almaty.kz.
Ұсыныстардың ең үздігі жаппай дауыс берумен анықталады. Жобаға Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, аудандық мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар мен ПИК өкілдері баға береді.
№4. Өтінімді қалай жолдауға болады?
Ұсыныстарды жолдау үшін, Open Almaty сайтында өтінімді толтыру керек (жоба атауын, сипаттамасын, нысан мекен-жайын көрсету), эскизі мен сметасын қоса жолдау (шамамен алынған болуы мүмкін). Қалауыңызша ағымдағы жағдай мен жобаның таныстырылымын бірге салуға болады. Автор кез келген уақытта өз жобасын қарастырудан алып тастай алады.
Өтінім төмендегі талаптарға сай болуы керек:
- Жобаның аты қысқа болмауы керек (бір сөйлем шамасында) және мақсатына қарама-қайшылық танытпауы тиіс;
- Бір өтінім – бір нысан;
- Нысан қаланың барлық тұрғындарына қолжетімді жағдайда, ортақ пайдаланатын болуы керек;
- Нысан коммуналдық меншікте орналасқан жер мен ауданның аумағында орналасуы қажет;
- Жобаны жүзеге асыру әкімдіктің құзіреті шеңберінде болуы керек.
Автор бір ғана жобалық ұсынысын жолдай алады. Бір жобаның құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал, оны іске асыруға рұқсат беру үшін қала тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы керек. Бюджетке қатысуға қатысты ақпараттар мен кеңестерді аудандық әкімдіктерден, сондай-ақ +7 (727) 224-39-29 (203, 103) нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Техникалық қиындықтар туындаған жағдайда +7 (775) 818 05 73 нөміріне жүгіну керек.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Бюджет участия: как алматинцам предложить акимату, на что потратить 500 млн тенге
№5. Қандай ұсыныстарды жіберуге болмайды:
- Құрылыс-монтаж жұмыстарынсыз тек жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге арналған жобалар;
- Жекелей сипаты бар, қосымша бюджет қаржысын талап ететін, біртұтас емес жобалар;
- Алматыны дамыту бағдарламалары мен Қазақстанның заңнамаларына сәйкес келмейтін жобалар;
- Коммерциялық жобалар;
- Нормативсіз лексикадан, жала жабу, кемсіту, зорлыққа итермелейтін және т.б. құралған жобалар.
№6. Ұсыныстар қалай іріктеледі?
Өітінімдерді аудандық әкімдіктердің сарапшы комиссиялары тексереді. Оның құрамы аудандық әкіммен жасақталып, бекітіледі. Сарапшы комиссия құрамы 13 адамнан кем болмайды:
- Екі мәслихат депутаты;
- Аудандық сәулетші;
- Құрылыс саласындағы маман;
- Құрылыс жобалары бойынша шығындар сметасын құрастыратын тәжірибелі маман;
- Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің кем дегенде төрт өкілі;
- Қоғамдық ұйымдардың кем дегенде төрт өкілі.
Ұсыныстар мақұлданғаннан кейін сайтта алматылықтар дауыс береді. Бюджет қаржысын қайда жұмсауды халықтың дауысы шешеді.
№7. Жобаларға кім, қалай дауыс бере алады?
- Сарапшылар комиссиясы сайтта жобаны тексеріп болғаннан кейін дауыс беру басталады;
- Дауыс беру тек қана электронды сандық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады (оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады);
- Дауыс беруге Алматыда тіркелген тұрғындар ғана қатыса алады;
- Бір алматылық тек үш ұсынысқа дауыс бере алады;
- Дауыс беру қорытындысы бойынша сайт автоматты түрде нәтижесін шығарады.
№8. Дауыс беру нәтижесін қалай білеміз?
Сарапшылар комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде дауыс беру қорытындысының хаттамасын сайтқа салады. Онда жіберілген жобалар мен әрбір ұсыныс бойынша дауыс берген тұрғындар саны туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер екі немесе одан да көп жобаға бірдей дауыс берілсе, оларға дауыс беру қорытындысының хаттамасында бірдей позиция беріледі. Қай ұсынысты бірінші жүзеге асыру керектігін комиссия анықтайды. Әкімдіктер мен құрылымдық бөлімшелер оларды жүзеге асыруда комиссия анықтаған тәртіпті басшылыққа алады.
№9. Өтінімді қашанға дейін жолдауға болады?
Бұған дейін тұрғындардан ұсыныстар 1-ші қыркүйекке дейін қабылданатыны туралы хабарланды. Қазір бұл мерзімді 15-ші қыркүйекке дейін деп тағы да екі аптаға ұзартты.
Авторы Серікжан Мәулетбай.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.