Тікелей эфир

Қолхатсыз қарызды қайтарып алуға болады. Пайдалы 9 кеңес.

Арнайы Informburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Арнайы Informburo.kz үшін Дина Лидің иллюстрациясы
Біз қарызыңызды қайтаруға адамды қалай мәжбүрлеуге болатыны туралы білдік.

Қарыз берушілер көп, алайда оларды қайтаруға асықпайтындар да аз емес. Кейбір адамдар қолхатсыз берген қарызын қайтарып алу мүмкін емес деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Заңгерлер қарыз берудің тәсілін 4 түрге бөледі:

  • Ауызша келісім бойынша;
  • Қолхатпен;
  • Қарыз шартымен;
  • Нотариуспен куәландырылған қарыз шарты бойынша.

Егер қарызға берген ақшаңызды құжатпен рәсімдемесеңіз не істеу керек? Informburo.kz қарызды қайтарып алудың жолдары туралы зерттеп көрді. Сонымен қатар біз қолхатты қалай толтыру керектігін де білдік.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда несиесін төлей алмай отырғандардың саны 1 миллион 102 мыңға жетті

№1. Қарыз бергеніңізді қалай ауызша пысықтауға болады?

Ол үшін қарыз адамның сізден ақша алғаны туралы әңгімесін жазып алу керек. Бұл тұрғыда төмендегілерді ескеру керек:

  • Егер қарызға берілген сома 100 АЕК-тен аспаса (2019 жылы – 252 500 тенге), дәлел ретінде сотта бір адамның куәгерлік түсінік бергені жеткілікті. Ол "Ақшаны кім алды?", "Кім берді?", "Қанша ақша?", "Қанша мерзімге берді?" деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Қарыз берушінің жақын туысы да (күйеуі, әйелі, ағасы, әпкесі) куәгер бола алады.
  • Егер қарыз сомасы 100 АЕК-тен асатын болса, қарыз алушының ақшаны алғаны туралы айтқан аудиожазбасы дәлел болады. Телефон, диктафон, бейнекамера секілді техникалардың кез келгеніндегі жазба жеткілікті. Кездесу кезінде "Қарызды қашан бересіз?" деп сұрау керек. Оның "Бір айдан соң қайтарамын" деген жауабы сізге дәлел бола алады. Егер сотта "ол жазбадағы дауыс менікі емес" деп мойындамаса, сот техникалық фонографиялық сараптама тағайындайды. Оның қорытындысы бойынша жауабының рас-өтірігі анықталады.
  • Кейде қарызды берген сәт кафеде, ресторанда немесе басқа да мекемеде/әкімшілік ғимараттағы бейнебақылау камераларына түсіп қалатын кездер болады. Ғимарат иесінен бейнежазбаны беруді сұраңыз. Бас тартқан жағдайда сотта бұл жазбаны беруге өтініш жасауға болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотекалық несиемен берілген қарыз бір жылда рекордтық деңгейге көтерілді

№2. Қарыз алғанын жазбаша дәлелдеу, қанша алғанын қалай мойындатуға болады?

Қарызды алғаны туралы дәлелді өткен күнмен жаздыруға болады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, қағаз неме электронды түрде жасалған келісімдер жазбаша түрде жасалған болып саналады:

  1. Электронды жазбалар;
  2. SMS-хабарламалар;
  3. WhatsApp, Telegram, Viber және басқа да әлеуметтік желілердің мессенджерлеріндегі хабарламалар.

Хабарламада қарыз алушы жауабында өзінің қарыз екенін мойындаса болды. Мәселен, "Қалың қалай? Ақшамды қашан қайтарасың?" Қарыз алушы жауап береді: "Сәлем, қазір болмай тұр, бір айдан кейін (жылдан кейін, бірнеше аптадан кейін) беремін". Бастысы қарыз екенін растауы керек. Аудиожазбада қарыз сомасының айтылғаны тіпті жақсы. Бұл үшін "Менің миллион теңгемді қашан қайтарасың? деп қарыз сомасын әдейі көбейтіп айтсаңыз, ол "Қайдағы миллион? Мен саған 500 мың қарызбын" деп жауап беруі мүмкін.

Жазбаны суретке түсіріп алыңыз: оны қағазға шығарып алып, келтірілген мәліметтерді нотариуспен куәландырып алу керек.

Оқи отырыңыз: Кімнің кредиті кешіріледі? Науқан қашан, қалай жүзеге асады?

№3. Көмекке кімге жүгіну керек?

  • Сот үшін банктен үзінді көшірме алыңыз. Егер сіз ақшаны картадан картаға аударсаңыз, мобильді қосымшадағы жеке кабинетіңізбен аударма туралы түбіртек ала аласыз, болмаса банкке жүгініп, қағаз жүзінде үзінді көшірме аласыз.
  • Қарыз берушінің арызы бойынша қарыз алған адамның түсініктемесі. Қарыз беруші құқық қорғау органдарына қарыз алған адамның үстінен арыз жаза алады. Оны полицияға шақырады, жауап алады, сосын ол түсініктеме жазады. Түсініктемеде қанша соманы қарызға алғаны туралы, әзірге оны қайтаруға шамасы жоқ екенін мойындайды. Осы қағазбен сотқа барып, қарызды өндіріп алуға болады.
  • Қарыз алушының таныстары (көбіне бұрынғы әйелі). Егер олар қиянат жасағысы келсе, қарыз алушының біреуге қарыз екені туралы айтылған хабарламаларын бере алады. Мұндай "достар" алған сомасының неге жұмсалғанын (көлік, үй, демалыс немесе басқаға) туралы да айтып беруі мүмкін. Олар сотқа да куәгер ретінде қатыса алады.
  • Заңгерлерді жалдау (қаламақы + қайтарып алған соманың пайызы).

Оқи отырыңыз: Енді коллектор несиесін төлемегеннің көлеңкесіне айналады. Екінші маусымда күшіне енген жаңа заң қалай жұмыс істейді?

№4. Психологиялық ықпал ету

Егер қарыз алған адам ешқандай да қарыз алмадым деп, сізден ақша алғанын мүлдем мойындамаса, басқа жолдарын қарастыру керек. Ақшаңызды қайтарып алудың түрлі тәсілдері бар:

  • Қарыз алушыға психологиялық ықпал ету. Заңгерлер оның өзімен, туыстарымен, көршілерімен, достарымен сөйлесуге кеңес береді. Егер ол дінге сенетін адам болса, молдадарға жүгініп, онымен сөйлесуін өтінсеңіз болады;
  • Сотқа қарыз алушының және өзіңіздің жақындарыңызды шақырыңыз. Ол қарызды қайтара алмаймын деп өтірік айтып, көптеген туыстары мен жақындарының көзінше қарыз алмадым деп айта ала ма? Заңгерлер көп жағдайда олай істей алмайтынын айтады;
  • Қарыз алушыға сотта жеңіліп қалса, сотқа кеткен (қорғаушы, сараптама,жеке сот орындаушының қызметіне) барлық шығындарды төлейтіні туралы ескертіңіз. Бұдан гөрі оған қарызды өз еркімен қайтара салған оңайға соғады.
  • Полиграф. Қарыз беруші қарыз бергені туралы айтып, жалғандық детекторынан өте алады (сотта да, сотқа дейін де). Содан соң қарыз алушыға да бұдан өтуді ұсынады. Егер ол бас тартса, мұны қарыз берушінің пайдасына аргумент ретінде пайдалануға болады. Егер келіссе, полиграф істің ақ-қарасын ажыратып береді.

Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Долг есть, а расписки нет? 9 полезных советов о том, как вернуть свои деньги

№5. Қарызды қайтарып алудың мерзімі қай кезде өтіп кетеді?

Талап қою мерзіміне – қарызды қайтарып алу үшін өндіріп алушының сотқа жүгіне алатын мерзімі жатады.

  • Талап қою мерзімі үш жылды құрайды. Ол қарыз алушының ақшаны қайтаруды міндетіне алған уақыттан басталады.
  • Егер талап қою мерзімі қолхатта көрсетілмесе, өндіріп алушы оған хатпен жүгініп, қайтаратын сомасы мен мерзімін көрсете алады. Талап қою мерзімі осы мезеттен бастап есептеледі.

№6. Қандай жағдайда талап қою мерзімі доғарылады?

Бұған төмендегідей алты негіз бар:

  • Өндіріп алушы сотқа жүгінгенде;
  • Келісімге келгенде, медиация;
  • Қарыз алушы біртіндеп немесе толығымен қарызын қайтарғанда;
  • Форс-мажор (су басу, өрт, жер сілкінісі, тасқын және басқада жағдайларда).
  • Азаматтың әрекет ету қабілеті жоқ және заңды түрде өкілі жоқ (қарыз алушы ақшаны алғаннан кейін әрекет ету қабілетінен айырылғанда);
  • Қуынушы және/немесе жауап беруші әскери бөлімшеде болса.

Талап қою мерзімін қалпына келтіруге болады. Ол үшін дәлелді себептерін көрсетіп, арыз жазу керек (қарыз берушінің ауыруы, оның құқықтық сауатсыздығы, түрмеде отырғаны туралы келтіріліп).

Оқи отырыңыз: Халықтың несие қарызы тағы көбейді. "Несиелерді кешіру" туралы жарлық банк дағдарысын ушықтыруы мүмкін

№7. Қарыз алушы – алаяқ болып шығуы мүмкін

Мұндайда полицияға оны жауапқа тарту туралы арыз жаза аласыз. Егер полиция қызметкерлері оның қарыз алғанда қайтармайтыны туралы алдын ала білгенін немесе ақшаны алғанда қарыз берушіні алдағанын (мәселен, қолма-қол ақшасын алып, мемлекеттік бағдарламамен пәтер әперуге уәде беріп) анықтаса, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша ("Алаяқтық") қылмыстық іс қозғайды. Бәлкім осындай үлгімен ол бірнеше адамды алдаған болар. Осыған күш сала отырып, жақсы нәтижеге оңай қол жеткізуге болады.

№8. Сот арқылы қарызды қалай қайтарып алуға болады?

Сотқа жүгінбес бұрын, қарыз алушыға бұл туралы ескерту қажет. Сотқа дейінгі талап – өзіндік психологиялық амал дейді заңгерлер. Ол істің сотқа дейін баратыны туралы уайымдап, күйзеліске түседі. Егер жауап беруші сотқа дейінгі талапқа бей-жай қарап, сотқа келу туралы шақыру қағазды елемесе, сот сырттай шешім шығара алады. Бұл көп жағдайда қарыз берушінің пайдасына шығарылады.

Талап арыз жауап берушінің тіркелген не тұрғылықты мекен-жайы бойынша беріледі. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес қаланы келісім бойынша таңдауға болады.

Өндіріп алушы заң бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Егер арыз беруші жеке тұлға болса, бұл – қарыз сомасының 1%-ын, ал заңды тұлға болса – 3%-ын құрайды.

Оқи отырыңыз: Кімдердің қанша қарызы қандай мөлшерде кешіріледі?

№9. Қарыз беру туралы қолхатты қалай дұрыс толтыру керек?

Төмендегі мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

  • Құжаттың аты "Қарыз шарты" немесе "Қолхат";
  • Қолхат рәсімделген қала;
  • Қолхат рәсімделген мерзім;
  • Тараптар туралы мағлұматтар: "Аты-жөні, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, ЖСН, жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы және т.б.). Бұл сотта күмәнді жағдайлар туындамасы үшін керек;
  • Берілген соманы міндетті түрде жазбаша нұсқада көрсетіңіз, әйтпесе қарыз алушы мәселен миллион емес, 100 мың теңге алдым деп айтуы мүмкін;
  • Ақшаны берудің шарттары. Егер қарызды оған қолхат жасалғанда бермесеңіз, қолма қол ақшадар қай уақытта берілгені туралы көрсету керек (алдын ала берілді ме, кейін берілді ме);
  • Ақшаны қайтару мерзімі;
  • Келісімді орындау орыны (ақша қай жерде қайтарылып алынады, мекен-жайын ауданына дейін көрсетумен);
  • Қолхатта ақшаны қандай мақсатқа бергеніңіз туралы да көрсетуге құқыңыз бар. Қарыз алушы керек болса, ол қаражатты қайда жарататыны туралы айтсын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Қарыз иелерінің жауапкершілігін арттыру ұсынылды

2018 жылдың шілде айында ҚР Азаматтың кодексіне 725 бабы енгізілді. Оған сәйкес жеке тұлғаға берілген қарызда төмендегі талаптар сақталуы тиіс:

  • Қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (теңге) беріледі;
  • Қарыз шартында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі көрсетілуі тиіс. Калькуляторы Ұлттық банктің сайтында бар;
  • Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі берілген қарыз сомасының жүз пайызынан аса алмайды. Мысалы, берілген сома миллион теңге болса, оның үстінен ең көп дегенде миллион теңге пайда табуға болады;
  • Егер қарыз шарты орындалмаса, айыпақының ең көп мөлшері күніне қарыздың 0,5%-ын құрайды, сонда жылына 10%-нан аспауы тиіс.

Бұдан бөлек, қарыз шарты бойынша барлық төлемдер (өсімақы мен сыйақы) қарыз сомасынан аса алмайды.

Материалды дайындағанда көмектескені үшін заңгерлер Станислав Лопатин, Динара Минисова, Мұхтар Құсайынов және Илья Князевке алғыс білдіреміз.

Авторы Жанна Хабдулхабар.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары